Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

6.05.2025 ж. 7 мамыр Отан Қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 2-4, 5-6, 7-10 сыныптар аралығында “Жас Сарбаз” әнмен сапта жүру шеруі өтті. Оқушылар жүлделі орындармен және “Үздік командир” атауларымен марапатталды.

15.04.2025 жыл. Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша 5-7 сыныптар аралығында "Жігіт Сұлтаны-2025" байқауы өтті. 

Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер Барыс текті намысты ұрпақ тәрбиелеу.

Қатысушылар "Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер" таныстыру, "Өнерлі өрге жүзер" өз өнері, "Білікті бірді жығар" сұрақ-жауап кезеңдері және Асық ату ойыны мен отжимания жасап сынға түсті. 

Сайыс нәтижесінде: 

Бас жүлде - Хасанов Санжар 7 "б" сынып оқушысы

1 орын - Болат Әли 5 "а" сынып оқушысы

2 орын - Иванов Жандос 6 "б" сынып оқушысы

3 орын - Төленді Дияс 5 "б" сынып оқушысы

3 орын - Зумурат Құдірет 5 "в" сынып оқушысы

3 орын - Койшибанов Алибек 7 "в" сынып оқушысы

Байқау жеңіпаздары дипломдармен және класс жетекшілері дайындаған сыйлықтармен марапатталды.

Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның қызметкерлері “Таза бейсенбілік”  акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.

9.04.2025ж. “Құқықтық мәдениет” акциясының аясында Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен Бесқоспа ауылдық округінің әкімі Жандарбек Бақытжанұлы, мәдениет үйінің меңгерушісі Алпысбаев Батырхан Маратұлы және ауылдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерінің қатысуымен , “Табысты болашақ”, “Кәсіптік бағдар беру заман талабы” тақырыбында кездесу өтті. 

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, кез келген кедергіден жол таба білуге үйрету.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі