Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Өзін өзі басқару ұйымы мен Еріктілер қозғалысының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп ауласына гүлдер отырғызылып көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Мамыр айының екінші жексенбісі әлемнің 20-дан астам еслінде Аналар күні тойланады. Бұл мереке елімізде 2024 жылдан бастап алғаш рет атап өтілді. Дәстүр бойынша биылғы аналар күніне ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары бойынша мектеп-бақшамыздағы күміс және алтын алқалармен марапатталған батыр аналарымызға арналған “Ана-өмірдің шуағы атты” іс-шара ұйымдастырылды.

Аналар күнін мерекелеу аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін танымал етуге ықпал ете отырып, оң әлеуметтік әсер күтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев «Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Бұл–ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет» деп атап өткен.

Ананы қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым міндеті.

Есет батыр атындағы мектеп-балабақшасында эвакуациялау оқу-жаттығулары ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылар, педагогтер мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту.

05.05.2025 ж. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай 5-6 сынып ер балалары арасында футбол ойыны өткізілді. Командалар мадақтамалармен және сыйлақтармен марапатталды. Ойын қортындысы бойынша 6 “б” кл - бас жүлде, 5 “а” кл - 1 орын, 6 “а” кл - 2 орын, 5 “б” кл - 3 орын иеленді. “Үздік қақпашы” - Төленді Дияс, “Үздік шабуылшы” - Андағұл Ералхан, “Үздік қорғаушы” - Болат Әли, “Үздік ойыншы” - Амангелдиев Бексұлтан иеленді.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі