Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

12.01.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Заң және тәртіп” айлығы аясында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

27.11.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында 5 сынып оқушыларына “Сыбайлас жемқорлық туралы не білесің?” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмысынан кейін оқушылар тақырып бойынша өз түсініктерін сурет салу арқылы көрсетті.

Мақсаты:

Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың мәні мен қоғамға зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін арттыру және жемқорлыққа қарсы ұстаным қалыптастыру; түсінгендерін сурет арқылы жеткізуге бағыттау.

18.11.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның 8 сынып оқушылары “Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі” атты флешмобқа қатысты.

Флешмобтың мақсаты:

Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту. Сонымен қатар, жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.

24.10.2025 ж. 6 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақтың кілті- жастарда!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мақсаты:
1. Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың мәнін, түрлерін және зиянын түсіндіру;
2. Адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
3. Жастардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті, әділ шешім қабылдау қабілетін дамыту;
4. Болашақта таза, адал қоғам құруға үлес қосуға тәрбиелеу.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі