«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
24.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша директоры А.Т. Султангалиева педагогикалық ұжыммен және қызметкерлермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңызы, адалдық пен әділдік қағидаттары, сондай-ақ білім беру ұйымындағы алдын алу шаралары талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдерін түсіндіру және мектепте адалдық атмосферасын нығайту.
17.09.2025 ж. мектеп- бақша директоры педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын нығайту арқылы білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, педагогтар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру.
15.09.2025 ж. 10-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, оның қоғамға тигізетін кері әсерін ұғындыру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу. Азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






