«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Есте батыр атындағы мектеп-бақшасында 3-тоқсан бойынша мектеп асханасының жұмысына бракеражды комиссия тарапынан жоспарлы тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында дайындалатын тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тағам сақтау мерзімі, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігі және асхананың жалпы тазалығы бақылауға алынды.
Мектеп асханасына жүргізілген бракеражды комиссия тексерісінің қорытындысы бойынша мектеп асханасы белгіленген талаптарға сай деп танылды.
09.12.2025 жылы бракераждық комиссия Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның асханасына жоспарлы тексеріс жүргізді
Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тазалық пен тәртіптің сақталуы, тағамдардың сапасы мен балғындығы, күнделікті ас мәзірінің талапқа сай болуы жан-жақты қаралды. Сонымен қатар өнімдердің сақталу шарттары, ыдыс-аяқтардың тазалығы мен асхана қызметкерлерінің жауапкершілігі де назардан тыс қалмады.
Балаларға ұсынылатын әрбір ас — үлкен жауапкершілік. Сондықтан тағамның дәмді ғана емес, пайдалы әрі қауіпсіз болуы басты назарда. Осындай бақылаулар балалардың денсаулығын қорғап, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







