Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Күні: 25.12.2024 ж.

Қатысқандар:

Мектеп директоры: А.Т.Султангалиева

Кеңес төрайымы: Б.Ә.Бектурганова

Ж.У.Кутышева

Н.Т.Байманова

А.Ғ.Алмағамбет

Т.Қ.Жанибеков

Хатшы:Синина Р.Ж.

Күн тәртібі:

1.Жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыруға қатысу. Жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыруға және өткізуге жұртшылық пен демеушілерді тарту.

2. мәдени-бұқаралық, спорттық ісшараларды, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға, өмірлік қиын жағдайдғ тап болған балаларға материалдық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу.

Тыңдалды: Әлеуметтік педагог: 1. 2024-2025 оқу жылы кезеңінде ата-аналар жұртшылығынан өтеусіз демеушілік көмек қаражаты түскен жоқ.  Мектебімізде 322 оқушы бар. Оның ішінде әлеуметтік санатыбар 4 бала аудан әкімінің жаңа жылдық сыйлықтарын алды. 1 оқушы ҚР Президентінің атынан ұйымдастырылыған облыстық шыршаға қатысты.сонымен қатар 6 балаға класс жетекшілердің демеушілігімен Жаңа жылдық сыйлықтар берілді. 3 оқушыға әлеуметтік педагогтік ұйымдастыруымен «Мейірім» дүкені  демеушілік жасап жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, «Ақтілек» дүкенінің иесі Ж.Кутушева жаңа жылдық ертеңгілікте Аяз ата қоржынына салынатын тәттілермен демеушілік жасады.

2. 10-қазан – Мүгедектер күніне орай мектебімізде   мүгедектігі бар оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында сыйлықтар табысалды.

25 қазан Республика күні қарсаңында өткізілген «Мейірімді алақан» ақциясы аясында мектебіміздің көп балалы отбасыларына мектеп  мұғалімдерінің демеушілігімен азық-түлік табысталды.

Күн көрісі төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға киімдер берілді. Атап айтсақ, Батырбек А.,  Марат Айзереге аяқ киім, қысқы куртка берілді.

ДТІЖО Синина Р.Ж.:«Өркен» балалар даму орталығының жоспары бойынша  желтоқсанда  «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» флешмобына қатысты.

Шешімі:

  1. Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге демеушілер іздестестіру жұмыстары жүргізілсін.

       2.  Мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларға әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушылар қатыстырылсын.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі