Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Жаңа оқу жылының басында мектеп-бақша асханасында ұсынылатын тамақ сапасын бақылау мақсатында алғашқы бракераждық комиссияның жұмысы өтті.

🔹 Комиссия құрамында мектеп әкімшілігі, медицина қызметкері және ата-аналар комитетінің өкілдері болды.
🔹 Тамақ өнімдерінің сапасы, мәзірге сәйкестігі мен санитарлық талаптардың орындалуы тексерілді.

Бұл жұмыс оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге және қауіпсіз әрі сапалы ас мәзірін ұсынуға бағытталған.

Бал қосылған сүттің пайдасы

🔹 Ұйқыны жақсартады – жылы сүт пен бал жүйке жүйесін тыныштандырып, тез ұйықтауға көмектеседі.
🔹 Иммунитетті күшейтеді – балдың құрамындағы дәрумендер мен минералдар ағзаның қорғаныс қабілетін арттырады.
🔹 Тамақ пен жұлдыруды жұмсартады – суық тигенде немесе ангина кезінде жылы балды сүт тамақтағы ауырсынуды азайтады.
🔹 Ас қорытуға пайдалы – ішектің жұмысын жақсартып, асқазан-ішек жолына жағымды әсер етеді.
🔹 Кальций көзі – сүттің кальцийі сүйек пен тісті нығайтады.
🔹 Энергия береді – табиғи қант пен ақуыз ағзаға күш-қуат береді.

Көкөніс тағамдары ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, ішектің моторикасын жақсартуға көмектеседі, артық салмақтың алдын алады. Көкөністерде С, А, К, Е дәрумендері, сондай-ақ темір, кальций, калий, магний сияқты минералдар мол. Бұл иммунитетті көтереді, тері мен шаштың жағдайын жақсартады, сүйек пен жүрекке пайдалы.

«Дәмді тамақ – денсаулық кепілі!» Бүгін мектеп асханасының ас мәзірі дәл осындай болды. Балалар сүйсініп жеді.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі