Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

15.02.2025 ж. Бракеражды комиссия мүшелері және мектеп әкімшілігімен бірге тамақтанудың сапасына мониторинг  жүргізілді. Мониторинг барысында төмендегідей жағдайлар анықталды: күн сайын асханада мектеп басшысымен бекіткен ас мәзірі ілінген, перспективалық екі апталық ас мәзіріне сәйкес жасылынған. Ас блогындағы, асханадағы  жұмыстың ұйымдастырылуы, мектеп асханасына жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы, асхана жабдықтарының жарамдығы өнімдер мен дайын тағамдар сақтау мерзімі қаралды. Тамақ өнімдерін жүкқұжатына  сәйкес шикі азық түлектер әкелініп отырады. Тоңазытқыштағы тағамның тәулік  сынамалары ас мәзірінің кестесіне сәйкес алынады. Ас блогында ет, сүт өнімдерін сақтайын тоңазытқыш бар Ыдыс жуатын блогта арнайы ыдыс жуатын бөлме және кептіретін  арнайы орын қарастырылған,ағын су ағып тұр. Тамақ қалдықтары арнайы таңбаланған қақпағы бар ыдыста сақтап, бөлек жерге апарылады. Комиссия мүшелері тағамның сапасына бақылауды жүргізіп отырады. Тамақтандыруды ұйымдастыруға  арналған асхана ыдыстары (тәрелке,бокал, шынышқы, қасық ) жеткіліксіз екіндігіне анықталды. Тамақтану залы таза, жарық, балалардың тамақтануы үшін жағдай жасалған, қол жуғыштар таза, сұйық сабын бар.

15.01.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша бракераж комиссиясы кезекті тексеріс жұмысын жүргізді. Тексеріс кезінде асхана іші таза, аспазшылар талапқа сай киінген. Тамақ дайындаудағы санитарлық талаптар сақталған.  Ас мәзірі мұқият қаралды. Олардың құрамы, мөлшері талапқа сай дайындалған. Күнделікті ас мәзірі перспективалық ас мәзірімен сәйкес. Екі ауысымда оқушылар күнделікті ыстық тамақпен  тамақтанады. Мектебімізде 157 оқушы ыстық  тамақпен қамтылған. Соның ішінде 1-4 сынып 142 окушы. 5-11 сынып  15 оқушы.

1-ауысым 10.25, 2-ауысым 15.35. те тамақтанады. Оқушылар күн сайын белгіленген уақытпен тамақтанады. Асхана мен ас үй ыдыстарын жуу және өңдеу шарттары стандартқа сәйкес келеді.Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ-нің 2025 жылғы 21 ақпанындағы №01-09/468  хатына сәйкес, Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша тыйым салынған  және зиянды тағам өнімдері тақырыбында мектеп оқушылары мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналыс өткізілді, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерге жүктелді.

Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша 2.12.2024 ж. 2024-2025 оқу жылына арналған тамақтану сапасын бақылау бойынша бракераж комиссиясы ас блогын тексерді. Тексеріс барысында ас мәзірі мұқият қаралды. Олардың құрамы ,мөлшері талапқа сай дайындалған. Күнделікті ас мәзірі перспективалық ас мәзірімен сәйкес. Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай , ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы дайындалатын кунделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделікті даярланады. Мектеп медбикесі асхананың, санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады. Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрады. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі