15.02.2025 ж. Бракеражды комиссия мүшелері және мектеп әкімшілігімен бірге тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында төмендегідей жағдайлар анықталды: күн сайын асханада мектеп басшысымен бекіткен ас мәзірі ілінген, перспективалық екі апталық ас мәзіріне сәйкес жасылынған. Ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, мектеп асханасына жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы, асхана жабдықтарының жарамдығы өнімдер мен дайын тағамдар сақтау мерзімі қаралды. Тамақ өнімдерін жүкқұжатына сәйкес шикі азық түлектер әкелініп отырады. Тоңазытқыштағы тағамның тәулік сынамалары ас мәзірінің кестесіне сәйкес алынады. Ас блогында ет, сүт өнімдерін сақтайын тоңазытқыш бар Ыдыс жуатын блогта арнайы ыдыс жуатын бөлме және кептіретін арнайы орын қарастырылған,ағын су ағып тұр. Тамақ қалдықтары арнайы таңбаланған қақпағы бар ыдыста сақтап, бөлек жерге апарылады. Комиссия мүшелері тағамның сапасына бақылауды жүргізіп отырады. Тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған асхана ыдыстары (тәрелке,бокал, шынышқы, қасық ) жеткіліксіз екіндігіне анықталды. Тамақтану залы таза, жарық, балалардың тамақтануы үшін жағдай жасалған, қол жуғыштар таза, сұйық сабын бар.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
Ыстық тамақ сапасы тексерілді
© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



