09.12.2025 жылы бракераждық комиссия Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның асханасына жоспарлы тексеріс жүргізді
Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тазалық пен тәртіптің сақталуы, тағамдардың сапасы мен балғындығы, күнделікті ас мәзірінің талапқа сай болуы жан-жақты қаралды. Сонымен қатар өнімдердің сақталу шарттары, ыдыс-аяқтардың тазалығы мен асхана қызметкерлерінің жауапкершілігі де назардан тыс қалмады.
Балаларға ұсынылатын әрбір ас — үлкен жауапкершілік. Сондықтан тағамның дәмді ғана емес, пайдалы әрі қауіпсіз болуы басты назарда. Осындай бақылаулар балалардың денсаулығын қорғап, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
Бракеражды комиссия жұмысы 9.12.2025 жыл.
© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



