24.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша директоры А.Т. Султангалиева педагогикалық ұжыммен және қызметкерлермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңызы, адалдық пен әділдік қағидаттары, сондай-ақ білім беру ұйымындағы алдын алу шаралары талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдерін түсіндіру және мектепте адалдық атмосферасын нығайту.



