15.04.2025 жыл. Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша 5-7 сыныптар аралығында "Жігіт Сұлтаны-2025" байқауы өтті.
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер Барыс текті намысты ұрпақ тәрбиелеу.
Қатысушылар "Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер" таныстыру, "Өнерлі өрге жүзер" өз өнері, "Білікті бірді жығар" сұрақ-жауап кезеңдері және Асық ату ойыны мен отжимания жасап сынға түсті.
Сайыс нәтижесінде:
Бас жүлде - Хасанов Санжар 7 "б" сынып оқушысы
1 орын - Болат Әли 5 "а" сынып оқушысы
2 орын - Иванов Жандос 6 "б" сынып оқушысы
3 орын - Төленді Дияс 5 "б" сынып оқушысы
3 орын - Зумурат Құдірет 5 "в" сынып оқушысы
3 орын - Койшибанов Алибек 7 "в" сынып оқушысы
Байқау жеңіпаздары дипломдармен және класс жетекшілері дайындаған сыйлықтармен марапатталды.



