«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18.06.2025 ж. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті түнгі рейдтік шаралар өтті.
Рейд барысында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жасөспірімдерге түнгі уақытта көшеде жүрудің қаупі мен жауапкершілігі түсіндірілді. Ата-аналарға да заң талаптары ескертіліп, балалардың қауіпсіздігін бақылауда ұстау маңызды екені айтылды.
18.06.2025 ж. мектеп-бақшамызда 9-сынып оқушыларына аттетстат табыстау салтанатты жиыны өтті.
Биылғы оқу жылынды 19 оқушыға негізгі орта білім туралы аттестаты табысталды.
Құрметті түлектер! Бұл – сіздердің білім мен еңбектің алғашқы үлкен жемісі. Алда жаңа белестер, маңызды шешімдер, болашаққа бастар бағыттар күтіп тұр.
Тек алға ұмтылыңыздар, өздеріңізге сеніңіздер!
Армандарыңыз асқақ, білім жолыңыз жарқын болсын!
Әр таңдауыңыз сәттілікке жеткізсін!
16.06.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша жанындағы “Достық” жазғы лагерінің екінші маусымының ашылу салтанаты өтті. Мектеп-бақша директоры А.Т.Султангалиева балаларды лагердің ашылумен құттықтап, жазғы демалыстарының қызықты өтуіне тілек білдірді.
Балалар тақпақ, ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл-күймен өз өнерлерін көрсетті.
Жоспар бойынша таңғы жаттығу жасап, спорттық-сауықтыру, көңілді ойындар ойнады. Сонымен қатар үштілдік оқыту жоспары бойынша сабақ өтті.
13.06.2025 жыл Есет батыр атындағы мектеп-бақша жанындағы “Достық” жазғы лагерінің 1 маусымының жабылу салтанаты өтті. Балалар ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетіп, келесі маусымдарға да қалмай қатысатындарын қуанышпен жеткізді. Белсенді лагерь қатысушылары түрлі номинациялармен марапатталып, балалар лагерь тәрбиешілерімен қимастықпен қоштасты.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







