«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні «Еңбек күні» мерекесі ретінде атап өтіледі. Аталған меркеге орай 24.09.2025 ж. мектебімізде «Еңбекқорлық – табыстың кілті» атты жәрмеңке өтті. Шара барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі тағамдар, тәттілер мен сусындарды сатылымға қойды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еңбекқорлыққа, кәсіпкерлікке, үнемшілдік пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ өз еңбегінің нәтижесін бағалауға және ұжымдық жұмысқа үйрету.
Жәрмеңке қатысушыларға үлкен тәжірибе сыйлап, мектептің игі дәстүрін қалыптастырды.
19.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес “Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылардың өлеңдері инстаграм әлеуметтік желісіне жүктеліп, ең көп лайк жинаған қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.
Шараның мақсаты:
- Оқушылардың отбасы құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты, сыйластықты дәріптеу;
- Балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сахнада өз ойын еркін жеткізуге үйрету;
- Отбасының қоғамдағы рөлін түсінуге, өз отбасын қадірлеуге баулу.
19.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес “Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында 1-2 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты:
- Оқушылардың отбасы туралы түсінігін, сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру;
- Отбасы құндылықтарын, татулық пен сыйластықты насихаттау;
- Мектепте отбасылық құндылықтарға құрмет пен жылы қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыру.
19.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада “Мектеп пен отбасы: Адал әрі жауапты азамат тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық” тақырыбындағы ата-аналар комитетінің І отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің жұмысын үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






