«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
Құрметті болашақ 1 – сынып оқушыларының ата – аналары!
Жаңа 2025 – 2026 оқу жылына 1 – сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 – сәуір мен 31 – тамыз аралығында электрондық форматта қабылдау жұмысы www.egov.kz порталы арқылы өтеді. Өтініш беру туралы бейненұсқаулық www.egov.kz порталында көрсетілген. Қызмет тегін көрсетіледі.
1 – сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 2025 жылдың 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Құжаттар тізімі.
Төмендегі құжаттарды сканерлеу қажет және түп нұсқасын мектепке өткізу керек:
1. Ата – аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар);
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; (2 дана)
3. Баланың 3*4 фотосуреті – (2 дана);
4. Баланың денсаулық паспорты (052-2\у формасы);
5. 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
6. Ата – анасының ЭЦҚ кілті (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар) ;
Ұсынылған құжаттардың № 4,5 құжаттарды 1 – беттен бастап жазба аяқталған бетке дейін сканерлеу керек және баланың 3*4 суреті артқы фоны ақ немесе көк болуы керек (баланың тойдан, селфи т.б. суреттерден қиып алған фотосы жарамсыз болып есептеледі, құжаттар қабылданбайды). Өтініш дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 9:00 – 18:00 дейін қабылданады
© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




