Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

📚 23 мамыр - “Білім – Отанымa” республикалық сынып сағаттары өтті. ✨

🔹 Сынып сағаты барысында оқушылардың отансүйгіштік, адалдық пен жауапкершілік секілді асыл қасиеттерге тәрбиеленуі басты назарда болды.

Мектеп-бақша директоры А.Т.Султангалиева мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы жазғы демалысты тиімді әрі қызықты өткізіп, жаңа оқу жылына жаңа күшпен оралуларын тіледі. Бастауыш сыныптың 2024-2025 оқу жылының оқу озаттарын мақтау қағаздарымен марапаттады.

🏅 Сонымен қатар, “Адал азамат” біртұтас білім бағдарламасы аясында өткен эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды!

Дүниедегі мамандық атаулының төресі –ұстаздық. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ұстаз, Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның АӘД пәнінің мұғалімі Бектурганов Койбагар Аиповичті “Абыройлы еңбекпен-құрметті зейнетке” атты зейнеткерлік демалысына шығарып салу шарасы өтті.
Ұлағатты ұстаздың зейнетке шығу күніне орай, мектеп ұжымы және Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Мырзагалиева Гульназ Сартбаевна, Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Еркусимова Рита Зейнуллиновна арнайы келіп, білікті ұстаздың білім саласын өркендету жолындағы қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс айтып, құрмет көрсетті.
Койбагар Аипович - ерлік пен тәртіптің үлгісі, ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеудің шынайы шебері. Алғашқы әскери дайындық сабағы арқылы шәкірттеріне тек әскери ілімді ғана емес, тәртіптілік, жауапкершілік пен елге адал қызмет етудің маңызын үйретті.
Білім саласында 40 жылға жуық үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстазымыздың еңбегі елеусіз қалған емес - Койбагар Аипович Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттердің басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес Кеңес одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен, Республикалық Спорт жұлдыздары редакция алқасының шешімімен «Үздік Алғашқы Әскери дайындық пәні мұғалімі» төсбелгісімен,
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Койбагар Аипович - шәкірттеріне тәртіпті, табанды, Отанын сүйетін азамат болудың жолын көрсеткен нағыз тәлімгер. Әрбір сабағы – тәрбиенің үлкен мектебі, әрбір сөзі – жүрекке жеткен ұлағат. Шәкірттеріне жауынгерлік рухты, жауапкершілікті, батырлықты, ең бастысы – елге адал қызмет етуді үйрете білген асыл ұстаз.

04.03.2025. «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары «Есірткі және есірткі құмарлық деген не?» тақырыбында 5-11 класс оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларға есірткі және есірткі құмарлық ұғымын түсіндіре отырып, оның адам ағзасына, психикасына және қоғамға тигізетін зиянды әсерлері туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіден аулақ болуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және зиянды әдеттерге «жоқ» деп айтуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты танымдық жаднама таратылып, оқушыларға оның мазмұны түсіндірілді. Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет.

17.03.2025 ж. Оқушыларға «Нашақорлық қоғам дерті», «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!» тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы ақпарат беру, олардың адам ағзасына кері әсерін түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сабақ барысында оқушыларға «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды. Адамзаттың басты мәселесі – психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары туралы толық түсіндірме жасалды. Білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға класс жетекшілері толыққанды жауап берді. Тәрбие сағатында толық және қызықты мағлұмат алған оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп өтті.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі