Дүниедегі мамандық атаулының төресі –ұстаздық. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ұстаз, Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның АӘД пәнінің мұғалімі Бектурганов Койбагар Аиповичті “Абыройлы еңбекпен-құрметті зейнетке” атты зейнеткерлік демалысына шығарып салу шарасы өтті.
Ұлағатты ұстаздың зейнетке шығу күніне орай, мектеп ұжымы және Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Мырзагалиева Гульназ Сартбаевна, Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Еркусимова Рита Зейнуллиновна арнайы келіп, білікті ұстаздың білім саласын өркендету жолындағы қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс айтып, құрмет көрсетті.
Койбагар Аипович - ерлік пен тәртіптің үлгісі, ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеудің шынайы шебері. Алғашқы әскери дайындық сабағы арқылы шәкірттеріне тек әскери ілімді ғана емес, тәртіптілік, жауапкершілік пен елге адал қызмет етудің маңызын үйретті.
Білім саласында 40 жылға жуық үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстазымыздың еңбегі елеусіз қалған емес - Койбагар Аипович Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттердің басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес Кеңес одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен, Республикалық Спорт жұлдыздары редакция алқасының шешімімен «Үздік Алғашқы Әскери дайындық пәні мұғалімі» төсбелгісімен,
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Койбагар Аипович - шәкірттеріне тәртіпті, табанды, Отанын сүйетін азамат болудың жолын көрсеткен нағыз тәлімгер. Әрбір сабағы – тәрбиенің үлкен мектебі, әрбір сөзі – жүрекке жеткен ұлағат. Шәкірттеріне жауынгерлік рухты, жауапкершілікті, батырлықты, ең бастысы – елге адал қызмет етуді үйрете білген асыл ұстаз.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
"Абыройлы еңбекпен - құрметті зейнетке!"
© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



