Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектеп-бақшамызда «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты мектепішілік жиын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіндіру, еліміздегі түрлі ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауды үйрету және көптілділіктің маңызын ұғындыру болды.

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде рухани құндылықтарға айрықша мән беріп келеді. Сол құндылықтардың ең бастысы – тіл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тіл – халықтың жаны, жүрегі» деп айтқандай, тілдің сақталуы – ұлттың сақталуы. Осы мақсатта 2017 жылдан бастап елімізде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні ретінде ресми мереке болып белгіленді.

Бұл күннің ерекшелігі – қазақ халқының ардақты перзенті, көрнекті ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келуі. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, қазақ жазуының реформаторы, ағартушы-педагог. Ол 1872 жылдың 5 қыркүйегінде Қостанай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген.

2.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты:
• Оқушыларға Отан, туған жер, ел бірлігі ұғымдарын түсіндіру;
• Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен жетістіктеріне мақтаныш сезімін қалыптастыру;
• Отан сүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу;
• Болашаққа деген сенімдерін нығайтып, білім алуға ынталандыру.
 
Тәрбие сағаты барысында мектеп-бақша директоры Султангалиева А.Т. класс жетекшілері мен оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтады. 
Мектеп басшысы өз сөзінде Білім күнінің маңыздылығын атап өтіп, бұл күннің жаңа арман-мақсаттардың, тың жоспарлардың бастауы екенін айтты.
Директор оқушыларға ел болашағы ретінде білімге құштар болып, табысқа жетуді, жақсы оқуды тіледі. Ұстаздардың еңбегін ерекше бағалап, олардың шәкірт жүрегіне жол табудағы рөлі зор екенін жеткізді.
Сөз соңында мектеп директоры жаңа оқу жылы баршаға сәттілік, табыс пен қуаныш әкелсін деген тілегін арнады.

📚✨ 1 қыркүйек – Білім күні! ✨📚
1.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшамызда “Мектебім - мейірім мекені” атты білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы оқу жылында 34 оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттады. 

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 🌸

Бұл күн – білімге бастайтын үлкен қадам, жарқын болашақтың бастауы.
📖 Барша оқушыларға табыс,
👩‍🏫 Ұстаздарға шабыт,
👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналарға қуаныш тілейміз!

Және де мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілейміз!

Білім күні мерекемізге арнайы уақыт бөліп, қатысып, құттықтауларымен шаттық сыйлағандары үшін ардагер ұстаздарымызға алғыс айтамыз.

Жаңа оқу жылы сәттіліктер мен табыстарға толы болсын!

МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

🔸Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2025-2026 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.
🔸Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
🔸Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды. Жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
🔸Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
🔸Мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді және киюге тыйым салынады:
-жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;
-түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері.

🔸Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.
🔸Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ал ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі