Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

1.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада 1 қазан - Халықаралық Қарттар күніне орай  мектебіміздің зейнеткер ұстаздары мен ауылдық мәдениет үйінің “Сағыныш” хоры ұжымына арнап «Қуаныш сыйлайық» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

Бұл шарада оқушылар мен ұстаздар ата-әжелерімізге арнап ән-жырдан шашу шашып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Концерт қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мейірім мен сыйластыққа толы кешке айналды. Кеш соңында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарымыз игі тілектерін айтып, баталарын берді.

26.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның “Таза жүрек” еріктілер тобының мүшелері Алға ауданы бойынша еріктілер қозғалысының жұмыс жоспарына және «Қамқор» жобасының жұмыс жоспарының қоғамға қызмет ету волонтерлік акциясына сәйкес “Жүректі жентпен жалға” аспаздық қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Оқушылар мектеп асханасында қазақтың ұлттық тағамын жасап, сатылымға шығарды. Мектеп ұжымы оқушылардың еңбегін бағалап, қайырымдылық жәрмеңкесіне үлестерін қосты. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа әлеуметтік санаты бар бір отбасыға азық-түлік апарып берілді.

Жәрмеңке мақсаты: оқушыларды ізгілікке, мейірімділік пен бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ түскен қаражатты мұқтаж жандарға көмек ретінде бағыттау.

«Денсаулық – зор байлық» спорттық ойыны

25.09.2025 ж. мектебімізде денсаулық күніне орай 5-сыныптар арасында «Денсаулық – зор байлық» атты спорттық ойындар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, спортқа қызығушылығын арттыру және сыныптар арасындағы достық пен бірлікті нығайту болды.

Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің ептілігін, жылдамдығын және топпен жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті.

Ойын қортындысы бойынша 5”а” сыныбы “Сұңқар” тобы жеңіске жетіп, “Үздік капитан” номинациясымен Мейрамбекұлы Айсұлтан, “Үздік ойыншы” номинациясымен Кәдембаева Аяулым марапатталды.

Өткізген: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Орынбай Н.

24.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша директоры А.Т. Султангалиева мектеп ұжымымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Отырыс барысында жолдауда көтерілген негізгі бағыттар мен білім саласына қатысты жаңашылдықтар жан-жақты қарастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұжым мүшелерін Жолдаудағы маңызды міндеттермен таныстыру, білім беру саласындағы жаңалықтар мен басымдықтарды түсіндіру және оларды мектеп тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылау.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі