Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Есет батыр атындағы мектеп-бақшасы бойынша мектепішілік жиында ауыл мектептерінің 9-11 класс оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, облыстық кезең жүлдегері марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, оқушылар! Жеңістеріңіз көп болсын!💐💐💐

Есет батыр атындағы мектеп-бақша директоры А.Т. Султангалиева, учаскелік полиция инспекторы СҚ.Камарадин мен ұстаздар тарапынан түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруін болдырмау және құқықбұзушылықтың алдын алу. Рейд барысында көшелер, дүкендер және жастар көп шоғырланатын жерлер тексеріліп, бақыланды.
Оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді.

11.11.2025 ж. Есет батыр атныдағы мектеп-бақшасында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Бала тәрбиесі - ортақ міндет” тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:

1. 1 тоқсанның қорытындысы – Мәдетхан Д.

2. Ерте жүктіліктің алдын алу – Сапарова А.Ш. (мектеп медбикесі)

3. Буллинг, құқық бұзушылықтың алдын алу – ДТЖЖО Синина Р.Ж. учаскелік полиция инспекторы Камарадин С.Қ.

4. Суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу – мектеп психологы Кужабаева А.С.

5. Бала қауіпсіздігі, жол жүру ережесі – әлеуметтік педагог Алмағамбет А.Ғ.

11.11.2025 жылы Алға ауданы Есет батыр атындағы мектеп бақшасында 9-11 сынып аралығында «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында» учаскелік полиция инспекторы полиция майоры С.Қ.Камарадинмен бірге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, оқушыларға күзгі мезгілдегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі