29.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында оқушылардың күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Буллингтен қорған!” тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллингтің түрлері мен оның зияны туралы түсінік беру, қорғану жолдарын үйрету және өзге адамға құрметпен қарауға тәрбиелеу.



