Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

12.12.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жас маман – табысқа апарар жол» тақырыбындағы семинар өткізілді. Мақсаты — жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуына қолдау білдіру. Семинар барысында жас мамандарға тәжірибелі ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттары мен презентациялар арқылы білім беру процесіндегі тиімді тәсілдерді ұсынды.
Семинар нәтижесінде қатысқан мұғалімдерді Алға аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапаттады.

4.12.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру және қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған “Сыбаға 2025” ұлттық дәстүрлер фестивальі аясында “Дәм татқан жердің дәстүрін сыйла” іс-шарасы бойынша ауыл әжелерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама өтті.
“Сыбаға” ұлттық дәстүрлер фистиваль тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін таныту, тарихи сән мәдениетін насихаттайтын «Ұлттық киім – ұлт айнасы» сән үлгісі көрсетілді.
Қазақтың сөз өнерінің көркемдігін таныстыратын “Айтыс - ұлттық рухтың айнасы” атты айтыс өнерінің үлгісі көрсетілді.
“Киіз басу - көнеден жеткен мұра” танымдық сағатында әжелеріміз құрақ құру, ұршық иіру, ою ою өнерлерін оқушыларға таныстырып, әр бұйымның мағынасы мен түрлерін түсіндірді. Ұлттық қолөнердің қыр-сырын көрсетіп, балаларға қолдан жасап көруге мүмкіндік берді.
“Ас - адамның арқауы” пайдалы тағамдар шеберлік сағатында әжелеріміз қазақтың дәстүрлі тағамы - женттің жасалу жолдарын көрсетті. Оқушылар ұлттық тағамның ерекшелігін біліп, жент жасаудың қарапайым әрі дәмді тәсілін үйренді.
“Қазақ дастарханы - дәстүр мен сабақтастық” танымдық сағатында әжелерімізге арнайы бас тартылып, дәстүрлі құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, ақжаулықты әжелеріміз оқушыларға бас тарту, табақ жасау, қонақ күту әдебі жөнінде түсіндіріп, ұлттық дастархан мәдениетінің терең мағынасын жеткізді.
“Ата дәстүр - асыл қазына” іс-шарасында әжелеріміз дәстүрлі ас-тағам мәдениетінде жолы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттің сыбағалы мүшесінен дәм таттыру арқылы өзінің ілтипатын білдіретін “Асату” рәсімін жасады.
Оқушылар қазақ халқының ас беру дәстүрін, үлкенге құрмет көрсету жолдарын үйреніп, ұлттық құндылықтармен жақын танысты.
“Салт пен сана” тағылымы бойынша әжелерімізден “қонақ кәде” сұралып, әжелеріміз өз өнерлерін ортаға салды. Тиісінше мектеп ұжымы қонқтарымызға “кәді сыйларын” ұсынды.
Меркелік іс-шара соңында әжелеріміз алғыстарын білдіріп, ас қайыру батасын берді.

#сыбағаақтөбе2025

Есет Батыр атындағы мектеп-бақшасында Ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша ГЕОГРАФИЯ пәнінен жүлделі ІІІ орынға ие болған 11-сынып оқушысы Арслан Әминаны мектеп басшысы, ұстаздар қауымы мен оқушылар құрмет көрсетіп, салтанатты түрде қарсы алды.

📋Әминаға бағыт-бағдар беріп, олимпиадаға дайындаған жетекшісі – Байманова Набира Тажиевнаға ерекше алғыс білдіреміз💐

📌Бұл жетістік – мектеп ұжымының, ата-ананың және оқушының қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білеміз💐

25.11.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жарқыра” қыздар ұйымының мүшелерімен “Жас өмірге жауапкершілікпен қарайық” атты жасөспірімдер бойында жауапкершілік, саналы таңдау жасау, өз өміріне, денсаулығына және болашағына немқұрайлы қарамау мәдениетін қалыптастыру, жеке дамуға бағытталған қызықты және мотивация беруге бағытталған тәрбиелік іс-шара өтті.

Шарада Қыздар өз болашағын елестету әрі мақсат қою дағдыларын дамыту үшін “Армандар картасын” жасады. Сонымен қатар олар өздеріне болашаққа хат жазып, келешек жоспарлары мен арман-мақсаттарын қағаз бетіне түсірді.

Отырыстың екінші бөлімінде трендтегі қызықты ойындар ұйымдастырылып, қыздар ұйымының белсенділігі мен бірлігі арта түсті.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі