Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

23.10.2025 жылы 9-сынып оқушыларына «Апиын – үміттің жауы» тақырыбында дәріс оқылды.
Мақсаты: жасөспірімдерге апиын мен басқа да есірткі заттарының адам өміріне, денсаулығына, болашағына тигізетін зиянын жан-жақты түсіндіру. Сабақ барысында есірткінің адам ағзасын улайтыны, психикалық және әлеуметтік күйзеліске әкелетіні, білім алуға, арман-мақсатқа, отбасы мен қоғамға үлкен қауіп төндіретіні айтылды. Тарихи апиын соғыстары арқылы есірткінің геосаяси салдары түсіндірілді. Дәріс соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Арнайы әзірленген сандықшаларға түрлі сұрақтар орналастырылып, оқушылар сол сұрақтарды таңдап алып, мазмұнды жауаптар берді. Бұл әдіс олардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтауға, өз ойларын еркін жеткізуге және есірткіге қарсы көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Кері байланыс нәтижесінде оқушылар дәрістен алған негізгі ақпараттарды нақтылап, салауатты өмір салтының маңызын тағы бір рет атап өтті.
Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі