4.12.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру және қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған “Сыбаға 2025” ұлттық дәстүрлер фестивальі аясында “Дәм татқан жердің дәстүрін сыйла” іс-шарасы бойынша ауыл әжелерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама өтті.
“Сыбаға” ұлттық дәстүрлер фистиваль тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін таныту, тарихи сән мәдениетін насихаттайтын «Ұлттық киім – ұлт айнасы» сән үлгісі көрсетілді.
Қазақтың сөз өнерінің көркемдігін таныстыратын “Айтыс - ұлттық рухтың айнасы” атты айтыс өнерінің үлгісі көрсетілді.
“Киіз басу - көнеден жеткен мұра” танымдық сағатында әжелеріміз құрақ құру, ұршық иіру, ою ою өнерлерін оқушыларға таныстырып, әр бұйымның мағынасы мен түрлерін түсіндірді. Ұлттық қолөнердің қыр-сырын көрсетіп, балаларға қолдан жасап көруге мүмкіндік берді.
“Ас - адамның арқауы” пайдалы тағамдар шеберлік сағатында әжелеріміз қазақтың дәстүрлі тағамы - женттің жасалу жолдарын көрсетті. Оқушылар ұлттық тағамның ерекшелігін біліп, жент жасаудың қарапайым әрі дәмді тәсілін үйренді.
“Қазақ дастарханы - дәстүр мен сабақтастық” танымдық сағатында әжелерімізге арнайы бас тартылып, дәстүрлі құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, ақжаулықты әжелеріміз оқушыларға бас тарту, табақ жасау, қонақ күту әдебі жөнінде түсіндіріп, ұлттық дастархан мәдениетінің терең мағынасын жеткізді.
“Ата дәстүр - асыл қазына” іс-шарасында әжелеріміз дәстүрлі ас-тағам мәдениетінде жолы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттің сыбағалы мүшесінен дәм таттыру арқылы өзінің ілтипатын білдіретін “Асату” рәсімін жасады.
Оқушылар қазақ халқының ас беру дәстүрін, үлкенге құрмет көрсету жолдарын үйреніп, ұлттық құндылықтармен жақын танысты.
“Салт пен сана” тағылымы бойынша әжелерімізден “қонақ кәде” сұралып, әжелеріміз өз өнерлерін ортаға салды. Тиісінше мектеп ұжымы қонқтарымызға “кәді сыйларын” ұсынды.
Меркелік іс-шара соңында әжелеріміз алғыстарын білдіріп, ас қайыру батасын берді.
#сыбағаақтөбе2025



