20.11.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасының “Жас эколог” клубының жоспарына сәйкес “Қоқысқа екінші өмір” тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатта “Алтын ою” үйірмесінің мүшелері қалдық қағаздарды блендрмен ұсақтап, түрлі түсті бояуларға малу арқылы әдемі картина жасады.
Мақсаты:
-Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу: Оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру, экологиялық жауапкершілік қалыптастыру.
-Шығармашылық қабілеттерін дамыту: Қалдық материалдардан пайдалы әрі сәнді бұйымдар жасау арқылы оқушылардың қиялын, қолөнер дағдыларын жетілдіру.
-Тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру: Күнделікті өмірде қалдықты дұрыс сұрыптау, тұрмыстық қалдықты азайту әдетін қалыптастыру.
Үйірме жетекшісі: Тапалова К.А.



