«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында 5 “а” сыныбында “Жол ережесін білесің бе?!” тақырыбында викторина өтті.
Мақсаты:
- Оқушылардың жол ережелері туралы білімін тексеру және бекіту;
- Жол қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру, абай жүріс мәдениетін дамыту;
- Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау және шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру;
- Балаларды жолда қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- Қауіп-қатерлерден сақтанудың маңызын түсіндіру арқылы жолдағы апаттардың алдын алу.
Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында “Жолда жүру ережесі” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
- Оқушыларға жолда жүру ережелерін үйрету және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру;
- Бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін дұрыс тану мен қолдануды меңгерту;
- Жаяу жүргінші ретінде жолда өзін дұрыс, мәдениетті ұстай білуге тәрбиелеу;
- Өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту;
- Жолда абай болу, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызын түсіндіру.
Өткізген: 1 “б” класс жетекшісі Құрмалы А.Б.
Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында 6 “а” сыныбында “Жолда абай бол!” тақырыбында эссе байқауы өтті.
Мақсаты:
- Жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің маңызын түсіндіру;
- Жолда абай болудың адам өмірін сақтаудағы рөлін ашып көрсету;
- Оқушылардың жауапкершілік сезімін, сақтық дағдысын және қауіпсіздік мәдениетін дамыту;
- Өз ойын жүйелі, сауатты жеткізе білуге, ой толғауға үйрету;
- Жолда өзіне де, өзгелерге де қауіп тудырмай жүріп-тұрудың қажеттілігін ұғындыру.
Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі Султангалиева А.Е.
Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында даярлық тобының оқушылары “Жол белгілерін бояйық” тақырыбында суреттер бояды.
Мақсаты:
- Оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін қарапайым әрі түсінікті түрде үйрету;
- Балалардың ойлау, есте сақтау және қиялдау қабілеттерін дамыту;
- Ұқыптылыққа, дәлдікке және тәртіпке тәрбиелеу;
- Жолда өзін дұрыс ұстау дағдыларын ойын арқылы қалыптастыру.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







