Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында 5 “а” сыныбында “Жол ережесін білесің бе?!” тақырыбында викторина өтті.
Мақсаты:
- Оқушылардың жол ережелері туралы білімін тексеру және бекіту;
- Жол қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру, абай жүріс мәдениетін дамыту;
- Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау және шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру;
- Балаларды жолда қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- Қауіп-қатерлерден сақтанудың маңызын түсіндіру арқылы жолдағы апаттардың алдын алу.



