Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында 6 “а” сыныбында “Жолда абай бол!” тақырыбында эссе байқауы өтті.
Мақсаты:
- Жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің маңызын түсіндіру;
- Жолда абай болудың адам өмірін сақтаудағы рөлін ашып көрсету;
- Оқушылардың жауапкершілік сезімін, сақтық дағдысын және қауіпсіздік мәдениетін дамыту;
- Өз ойын жүйелі, сауатты жеткізе білуге, ой толғауға үйрету;
- Жолда өзіне де, өзгелерге де қауіп тудырмай жүріп-тұрудың қажеттілігін ұғындыру.
Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі Султангалиева А.Е.



