Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар!

Ересек адам мұз үстінде жүрудің қаншалықты қауіпті екенін жақсы біледі. Балаларға мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру керек. Күзгі мұз адамның салмағынан әрдайым сықырлап ескерту бермейді, кейде бірден опырылып кетеді.

Балаларыңызға жұқа мұздың қауіпті екенін айтып түсіндіріңіздер, олардың бос уақыттарын қайда өткізетінін қадағалаңыздар, күзгі-қысқы уақытта су айдындарының маңында болуға жол бермеңіздер. Әсіресе мұз үстінде ойнауға қатаң тыйым салынады!

Балалардың жеңілтек мінез-құлқы, қарапайым қауіпсіздік ережелерін білмеуі мен елемеуі – қайғылы жағдайлардың басты себебі болып табылады.

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

✓ Күзгі мұз тек бірнеше күндік тұрақты аяздан кейін ғана мықты болады;

✓ Адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы кемінде 10 см болуы керек. Мұндай мұз -10°С температурада шамамен 10 күнде түзіледі;

✓ Су айдындарын тек арнайы жабдықталған мұз өткелдері арқылы кесіп өтіңіз;

✓ Егер мұз өткелі болмаса, мұздың беріктігін таяқпен тексеріп отырыңыз;

✓ Мұз өзен ағысы жылдам жерлерде, бұлақтар мен су шығатын тұстарда, сондай-ақ өсімдіктер, ағаштар мен бұталар жанында мықты болмайды;

✓ Қар немесе сугробпен жабылған мұз, сондай-ақ жағалауға жақын жерлер – аса қауіпті.

ЕГЕР СІЗ МҰЗДЫҢ АСТЫНА ТҮСІП КЕТСЕҢІЗ:

✓ Алаңдамаңыз, кенет қимыл жасамаңыз, мүмкіндігінше терең және баяу тыныстаңыз;

✓ Қолдарыңызды екі жаққа жайып, мұз жиегінен ұстап, денеңізді ағыс бағытымен көлденең қалыпқа келтіріңіз;

✓ Кеудеңізбен абайлап мұздың жиегіне шығуға тырысыңыз, бір аяқты, сосын екінші аяқты мұз үстіне шығарыңыз;

✓ Полыньядан шыққан соң, еңбектеп немесе домалай, келген бағытыңызға қарай жылжыңыз — себебі ол жердің мұзының беріктігі тексерілген.

Кез келген төтенше жағдайда 101 және де 112  нөміріне қоңырау шалыңыз!

ЕРЕСЕКТЕР! БЕЙҚАМ БОЛМАҢЫЗДАР!

Балалардың мұз үстіне шығуына жол бермеңіздер бейқамдық қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін!

 

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі