Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында “Дұрыс жүрсек - аман жүреміз!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
- Оқушыларға жолда жүру ережелерін үйрету және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру;
- Бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін дұрыс тану мен қолдануды меңгерту;
- Жаяу жүргінші ретінде жолда өзін дұрыс, мәдениетті ұстай білуге тәрбиелеу;
- Өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту;
- Жолда абай болу, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызын түсіндіру.
Өткізген: 1 “а” класс жетекшісі Боранбаева К.А.



