1.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада 1 қазан - Халықаралық Қарттар күніне орай мектебіміздің зейнеткер ұстаздары мен ауылдық мәдениет үйінің “Сағыныш” хоры ұжымына арнап «Қуаныш сыйлайық» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Бұл шарада оқушылар мен ұстаздар ата-әжелерімізге арнап ән-жырдан шашу шашып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Концерт қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мейірім мен сыйластыққа толы кешке айналды. Кеш соңында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарымыз игі тілектерін айтып, баталарын берді.



