«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
11.04.2025 жыл 12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында бастауыш сынып оқушылары арасында “Ғарыш әлеміне саяхат” тақырыбында қолөнер туындылары байқауы ұйымдастырылды.
“Ақтөбе облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 26 наурыздағы #01-14/1007 хаты негізінде және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында білім беру ұйымдарында өтетін “Құқықтық мәдениет” республикалық құқықтық сауаттылық акциясы аясында Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды. 1 сәуір күні кезекшілікке екі ауысым бойынша 4 ата-ана қатысып, мектептің тыныс-тіршілігімен танысты, білім алушылармен кездесіп мектептің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылады, тиісінше өз ұсыныстарын айтты.
Есет батыр атындағы мектеп-бақша ұжымы мен оқушылары "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдау мақсатында 5.04.2025 ж. мектеп аумағында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы жан-жақты тазартылып, сыпыру, қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 28 наурыз күні Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Ата-ана мен білім беру ұйымы: бір мүдде” тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Алға ауданы ПБ УПИ полиция майоры С.К.Камарадин, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі және сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Білім беру ұйымдарына алып кіруге тиым салынған заттарды анықтау мақсатында ата-аналардың қатысуымен кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары;
2. Оқушылар гигиенасы;
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту;
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу; жадынама тарату;
5. Психологиялық сергіту бөлімі экспресс әдіс арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын бағалау.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







