2025 жылдың 28 наурыз күні Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Ата-ана мен білім беру ұйымы: бір мүдде” тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Алға ауданы ПБ УПИ полиция майоры С.К.Камарадин, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі және сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Білім беру ұйымдарына алып кіруге тиым салынған заттарды анықтау мақсатында ата-аналардың қатысуымен кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары;
2. Оқушылар гигиенасы;
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту;
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу; жадынама тарату;
5. Психологиялық сергіту бөлімі экспресс әдіс арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын бағалау.



