Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

2025 жылдың 1 маусым күні мектеп-бақшамызда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Достық» жазғы лагерінің ашылу салтанаты және “Бар мейіріміміз балаларға” атты мерекелік бағдарлама өтті.

Шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын ойындар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, балаларға тегін балмұздақ таратылды.

Қымбатты балалар!
Сіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌟

Бұл күн – күлкі мен шаттыққа, балалықтың қуанышына толы мереке. Сіздер – еліміздің болашағы, үмітіміздің жарқын шуағысыздар.
Әрдайым бақытты болып, бейбіт аспан астында еркін ойнап-күліп өсулеріңізге тілектеспіз!

📚 Армандарыңыз асқақ болсын,
🌈 Әр күніңіз шаттыққа толы болсын,
❤️ Жанұяларыңызда мейірім мен махаббат орнасын!

Бала күлкісі – әлемдегі ең әдемі әуен!
Бәріңізге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және бақытты балалық шақ тілейміз! 🌸

Мерекелік бағдарламаның ұйымдастырылуына демеушілік көрсеткен “Жален”, “Береке”, “Мейрім”дүкендері, Дәмеш Саулебаевна, Достанова Әсемгул, Сарина Гулназ және мектеп-бақша жастарына үлкен алғыс айтамыз!

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі