7.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында бракеражды комиссия мүшелері асхананың тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамдардың дәмдік, сыртқы және санитариялық талаптарға сәйкестігін анықтау, сондай-ақ оқушыларға берілетін тағамның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында анықталды:
- Тағамдар уақытылы әзірленген, дәмі мен иісі жағымды, сыртқы түрі тартымды.
- Асхананы тексеру кезінде бір пештің жұмыс істемейтіні анықталды. Аталған ақауды жою мақсатында жөндеуге сұраныс берілді.
- Асханадағы санитарлық-гигиеналық жағдай қанағаттанарлық, қызметкерлер арнайы киіммен, жеке гигиена талаптары сақталған.
- Тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттар (сапа сертификаттары, қойма журналдары) бар.
Құрал-жабдықтар:
- Пеш, тоңазытқыш, ыдыс-аяқ жеткілікті және санитарлық талаптарға сай;
- Қауіпсіздік шаралары сақталған.
Қорытынды:
Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсы, тағамдар сапалы әрі уақтылы әзірленеді. Қызметкерлер арнайы киіммен жұмыс істейді, жеке гигиена ережелері сақталған. Тексеру барысында бір пештің істен шыққаны анықталып, жөндеуге сұраныс берілді. Қалған жабдықтар жұмыс жағдайында. Жалпы асхана жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды.



