«Шебер қолда – дәмді ас» атты шеберлік сағаты өтті.
22.10.2025ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның “Жарқыра” қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Шебер қолда – дәмді ас» атты шеберлік сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға ас үйдегі қауіпсіздік ережелері, тазалық пен жеке гигиенаны сақтау маңыздылығы туралы түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді.
Қыздар өз қолымен жеміс-жидек салаты мен құймақ дайындап, аспаздық өнерлерін көрсетті. Шара оқушылардың ұқыптылыққа, ұжымдық жұмысқа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Өткәзген: "Жарқыра" қыздар ұйымының жетекшісі Қоңыратбаева Н.С:



