310.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада ұстаздар күніне арналған «Мектеп жүрегі – ұстаз» атты мерекелік концерті өтті.
Мерекелік концертке зейнеткер ұстаздар арнайы қонақ ретінде шақырылып, ұстаздарымыздың бірқатары аудандық, облыстық білім бөлімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Оқушылар ұстаздарына арнап ән шырқап, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Шәкірттердің ыстық ықыласы мен алғысы ұстаздардың көңілін шаттыққа бөледі.



