10.09.2025 ж. мектеп-бақшамызда ауыл амбулаториясының акушер-медбикесі Н.Усербаева, мектеп-медбикесі А.Сапарова, мектеп психологі А.Кужабаеваның қатысуымен 8-11 сынып қыз балаларына ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздар арасында жеке гигиена, өзін күту мәдениеті, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде түсінік қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар:
– қыз балаға тән әдеп пен әсемдік,
– өз денсаулығын сақтау мен жеке шекарасын қорғау,
– болашаққа саналы қадам жасау
туралы пікірлерімен бөлісті.
Мектеп медбикесі мен психологы қыздарға пайдалы кеңестер беріп, сұрақтарына жауап берді.



